Қостанай қаласындағы №1 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындар үшін ерекше думан ұйымдастырылды. Танымал иллюзионист Төрехан өз өнерін көрсетіп, көрермендерге қызық сыйлады.
Шоуға әртүрлі жастағы тұрғындар қатысты. Көрермендер иллюзионистің трюктерін қызығушылықпен тамашалап, суретке түсіп, әсерлерін бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай сәттер сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, дауыс беру процесін жағымды әрі есте қаларлықтай етеді.
Тұрғындар көріністі оң бағалап, дауыс берумен қатар осындай көңілді іс-шараларға қатысу күнді ерекше етіп, мерекелік атмосфера сыйлайтынын айтты.