Жастар арасында «ALLUR» зауытында өткен үшөлшемді инженерлік модельдеуді танымал етуге бағытталған конкурсқа 28 болашақ инженер оқушылар өзара сынға түсті.
Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген оқушылар құттықтаудан кейін тапсырмаларын алып, сайысқа құлшына кірісіп кетті.
Бұл сайыс білім алушылардың болашағы зор салаға қызығушылығын арттырып қана қоймай, автоматтандырылған жобалау жүйелері (САПР) бойынша біліктілікті арттырады. Білім беру ұйымдарында олардың оқуын насихаттап, талантты жастарды іріктейді. Осылайша инженерлік мамандықтардың беделін көтереді.
«Мұнда барлық жағдай жасалған. Ең жақсысы техникалық мамандықтарға көптеген ізбасарлар жинауға мүмкіндік мол. Болашақта осы жерде алған тәжірибелеріңіз қажеттеріңізге жарайтын болады. Қызығушылық тантытушылардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны қуантады. Өйткені бұл конкурста балалардың саны жылдан жылға көбейіп келеді», – дейді облыстық ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталық директорының орынбасары Жанат Уақбаев.
Бірнеше сағатқа ұласқан білім жарысында 15-18 жас аралығында Владислав Вялых бірінші орында жеңіп алса, жүлделі екінші орынды Ясмин Әубакирова иеленді. Үшінші орын Иван Сивковқа бұйырды. Ал, аталған конкурстың 12-14 жас аралығында қатысушылар арасында бірінші орынды Александр Барабаш алды. Екінші орынға Илья Мамчур ие болды. Үшінші орынды Роман Суворов қанжығасына байлады. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ