Қостанайда жүк тасымалына бағытталған жеті станциялық жол  пайдалануға беріледі

Қостанайда жүк тасымалына бағытталған жеті станциялық жол пайдалануға беріледі

“ҚТЖ” ҰК” АҚ өкілдері Қостанайда өңірдің жүк жөнелтушілерімен кездесті. “ҚТЖ – Жүк тасымалы”  ЖШС Бас директорының орынбасары Н. Келбұғановтың төрағалығымен биылғы  егінді жинау қарсаңында астық пен ұн өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бізге мәлім болғандай, үстіміздегі жылдың жеті айында 2 “ҚТЖ” ҰК” АҚ 6,7 млн тонна астық тасымалдапты.   Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 30% -ке артық. Қытайға контейнерлермен тасымалданған астықтың көлемі  2,5 есе өскен. Жалпы, “ҚТЖ – Жүк тасымалы”  ЖШС Қостанай бөлмшесінде  жарты жылда 3,5 есе көп контейнер тиелді.

Компания жүк жөнелтушілердің өтініштерін толық орындау үшін барынша күш салады. Астық жүктерін тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штаб жұмыс істеп, мемлекеттік құрылымдар мен астық компанияларының қатысуымен тұрақты кеңестер өткізіледі.

500 астам клиент қатысатын жедел штабтың және жүк жөнелтушілермен жалпы чаттың жұмысы арқасында биыл  айына 1 млн тонна жүк тиелген.

Жүк жөнелтушілер тасымалды жоспарлау кезіндегі өзара іс-қимыл келісімінің жоқтығына  назар аударды.  Сондай-ақ, бос вагондарды адрестеу жүйесін енгізуде ҚТЖ ұсыныстарын өздерінің берген өтініштерінің  көлеміне қарай  қолдады.

Өңірде тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ Қостанай станциясының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта қосымша тағы жеті станциялық жол пайдалануға берілмек.

Жүк жөнелтушілер кездесудің сындарлы сипатын атап өтіп, теміржолшылармен диалогқа ризалығын білдірді. Көтерілген проблемалық мәселелер сол жерде шешімін тапты.

 

Әлібек ЫБЫРАЙ

 

Жаңалықтармен бөлісу