Қостанайда жастардың жаңа жобасы әзірленіп жатыр

Қостанайда жастардың жаңа жобасы әзірленіп жатыр

Бұл туралы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов тұрғындармен кездесуінде айтты. Жастар саясатына да мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрстелітіп, ипотекалық бағдарламалардың жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес креативті индустрияның дамуына арналған инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, барлық өңірдегі таланттардың басын қосатын креативті хабтар ашу жоспарда бар. Бұдан басқа, хабтар білім беру мен өндірістік креативті инфрақұрылымның орталығы болмақ. Аталған хаб мектеп оқушылары үшін қосымша білім беру орталықтары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарымен бір деңгейде», – деп атап өтті Евгений Кочетов.

Қостанай қаласында хаб жобасы әзірленіп жатыр. Екі мың шаршы метр аумақта қолөнершілерге арналған шеберханалар, ақпараттық көрме павильоны, қолданбалы және бейнелеу өнеріне арналған витражды бөлме, LED экраны бар сахна жасау жоспарланып отыр.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу