Бұдан бұрын А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің екінші ғимаратының аумағы алынатыны жөнінде қала әкімі айтқан еді. Ол жерден де жаңа саябақ салынады. Осы сынды шағын саябақтар қаланың әр бөлігінде салынатын болады.
Тасқын су шайып кеткен Колесные ряды көшесіндегі үйлер түгел сүріліп, қайтадан жаңа үйлер салынбайтынын да жазған едік. Қала әкімі Марат Жүндібаев ол аумақ та саябаққа айналуы керек деп есептейді.
“Ол жердің тұрғындарына қаржылай өтемақы төленіп немесе Қонай ауданынан салынып жатқан жер үйлерден үй беріледі”, – деді қала әкімі.
Сералы МЫРЗАБАЙ