Қостанайда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Қостанайда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Кітаптың авторы – жерлесіміз, дүниежүзілік стамотологилар ассоциациясының Еуропалық өңіраралық ұйымының академигі, Қазақстандық стамотологиялар ассоциациясының тұңғыш президенті, медицина ғылымының докторы  Мақсұт Темірбаев.

Мақсұт Әбуұлы Қарабалық ауданының тумасы. Мектепті  бітірген жылы  Қостанайға Алматының медициналық институтынан қабылдау комиссиясы келеді.

Хирургияға аңсары ауып келген  балаға сол жердегі ақылды адам стомотологияға баруына кеңес береді. Ол оқу ауылдың қазақ мектебін аяқтаған балаға жеңіл болмағаны сөзсіз. Табандылығымен қызыл дипломмен бітіріп шығады, сол оқу орынында жұмысқа қалады. Екі жылдан кейін ортопедия  орталығы ашылып, меңгерушісі қызметін атқарады. Мәскеу аспирантурасынан кейін Германияның стажировкасынан өтіп, жиырма жеті жасында ғылым кандидаты, қырық жеті жасында ғылым докторы атанды. Стомотологтар ұйымдарының алдыңғы қатарындағы мүшесіне айнала білді.

Осы кітаптың тұсауын кескен профессор Аманжол Күзембайұлы замандасын осылай қысқаша таныстырып өтті.

«Ер Жәнібек қоры ашылғанын білесіздер. Соның кезекті жиналысында бұл кісі тарихшылардың табынатын   Тұрсынбек Кәкішовтің жанында отыр екен.  Содан таныса келе, Қазақтың рухани мәдениетін түсінген адам екенін ұқтым. Абайдың толық адам дегені осы кісілерге айтылған болуы керек», – деді Аманжол Күзембайұлы.

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет мейманға «Үміт,сенім, арман» атты өлеңдер жинаған тарту етті.

«Бұл кісі біздің ұстазымыз. Кезінде Қазақ мемлкеттік университетінде дәріс берген. Медицинада ғана емес, өзін қолына қалам ұстаған тұлға екенін де талай рет дәлелдеген тұлға», – деп бағасын да беріп өтті.

Кеште ардагер тележурналист, режиссер  Гүлжібек Бекмұхамедованың тұлға жайлы түсірген фильмінен үзінді көрсетілді. Онда ел қайраткерлерінің Мақсұт Әбуұлы жайлы  пікірлері айтылады. Академиктің адамгершілік келбетіне баға бергендердің  арасында еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те бар.

“Мақсұт Әбуұлымен алғаш рет тоқсаныншы жылдары Қарабалық жерінде жолықтық. Тұлғалық келбетіңізді осы бастан тани бастаған болатынмын. Бүгінгі жастарға үлгі боларлық жолдан өткен замандасымыз өз ортасында аса сыйлы. Ғылымға өнертапқыштығымен үлес қосқан азамат.  150 ғылыми жұмысы жарық көріп, өнертабысқа 21 патент, 37 рационализаторлық ұсынысы тіркелген. Бірнеше емдеу және түпнұсқа әдістерінің авторы. Содан: “неге тұлға жайлы керемет дүние жасамасқа?” деген ой келді. Таяуда фильмді түсіріп болғаннан кейін сіздермен кездесу өткізуді ұйғардық. Бұл ұсынысымызды мәдениет басқармасы қолдады”, – деді Гүлжібек Бекмұхамедова.

Мақсұт Әбуұлы «Ақ қағазға жазғаным, тас қамалға салғаның» атты туындысына ата-анасының ғұмырына арқау еткенін айта кетті.

«Әкеміз 1916 Торғайдағы соғыс кезінде жетім қалып,  Марал ишанның баласының қолында тәрбиеленген.  Осы азаматтардың, Жәнібек тарханның ұрпақтарының арқасында сол бала тірі қалады. Содан елге қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді. Ауылымызға екі кемпір сұрау салып келді. «Баяғыдағы аталары тәрбиелеген жетім бала тірі ме екен, ұрпақтары  бар ма» деген екен. Сол сұрақ көкейімде қалды. Осыған жауап беру үшін көп іздендім. Бұл кітапты болашақта толықтырамын деген ойым бар. Балаларға үлгі, естелік  болсын деген ниетпен жазып шықтым», – деді кітап авторы.

Мақсұт Әбуұлы өмір жолы мен естеліктерін де  бөлісті.

«Қазіргі жастар қиыншылық көрген жоқ. Әкеміз аман-есен соғыстан келді. Содан арман еткен болуы керек,  атымды Мақсұт деп қойыпты. Менің балалық шағым жақсы кезеңде болды деп айта аламын. Шешеміз он төрт құрсақ көтерген. Соның сегізі қалды. Үлкеніміз сексен тоғызда Астанада тұрады», – деді Мақсұт Әбуұлы.

Осылайша, Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханасының қоры тағы бір кітаппен толықты.

Облыстық мәдениет басқармасының өкілдері құрмет білдіріп, ғалымның үстіне шапан жапты. Кітап қалың оқырманға арналған.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу