Қостанайда жаңа бағдаршамдар сыр беріп жатыр

Қостанайда жаңа бағдаршамдар сыр беріп жатыр

Биыл қалалық әкімдік бюджеттен 19 бағдаршамды жаңартуға қаржы бөлген. Десекте, жаңадан орнатылған бағдаршамдардың өзі жиі істен шығатыны байқалады. Марат Жүндібаев олқылықты жойып, дереу дұрыстау жөнінде тапсырма берді.

Ескі бағдаршамдарды жаңасына ауыстыру ісі «МСервис КСТ» ЖШС мердігер ұйымына жүктелген. Олар Бородин-Победа, Карбышев-Автовокзал, Қайырбеков-Лермонтов және Бородин-Тәуелсіздік, Майлин-Тәуелсіздік, Мәуленов-Досжанов, Маяковский-Хәкімжанова көшелерінің бойында жұмыс жүргізді.

            – Сондай-ақ, 11 бағдаршам нысаны Досжанов-Летунов, Карбышев- Стеклоцентр, Абай-Лермонтов, Бородин-Складская, Қайырбеков-Шевченко, Назарбаев-Юбилейный, Баймағамбетов-Коморова, Алтынсарин көшесі «Орталық саябақ», Гоголь көшесіндегі «Қазақ-Француз» орталығы жанына, Маяковский көшесі Мешіт жанына, Абайдаңғылы Рудный тас жолы бойына орнатылды, – деді тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Д.Петрухно.

Жұмыстар қауіпсіздік жол картасы шеңберінде жүзеге асқан. Алайда, жүргізушілер бағдаршамдардың дұрыс жұмыс істемеуіне үнемі шағымданып келеді.

            – Бағдаршамдар мен қатар жарықтандыру жөнінде шағымдар бар. Алдағы дүйсенбіге дейін реттелетін болсын. ТКШ және мердігер ұйым күнделікті тексеру жүргізіп отыруы керек, – деді М.Жүндібаев.

2024 жылы да жұмыс жалғасады. Қаладағы 10 бағдаршамды ауыстыруға жобалық-құндық құжаттама жасалған.

ТКШ бөлімінің басшысы көліктер көп жүретін 1, 2 санаттағы көшелерде бағдаршам нысандары қосымша жаңғыртуды қажет етететінін айтты.

            – Көлік, жаяу жүргіншілер панельдерін, бағдаршам тіректерін және басқару нысанының контроллерін ауыстыру керек, – деді ол.

Сералы МЫРЗАБАЙ

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу