Қостанайда жәрмеңке өтті 

Қостанайда жәрмеңке өтті 

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қостанайдың орталық алаңында жастар мен халық арасындағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында былтыр «AMANAT» партиясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткен еді. Жәрмеңкеге әртүрлі саладан 40-қа жуық ұйым қатысты. Ұйымдардағы мамандықтарды таңдау мүмкіндігі кең болды. Жәрмеңкеге 100-ден аса адам қатысып, 18 адам сұхбаттасуға жолдама алды”, – дейді іс-шараның ұйымдастырушыларының бірі Назерке Рашидқызы.

Жәрмеңкеге ЖОО-ның түлектері және жұмыссыздықта отырған барша тұрғындар қатыса алады. Бұл жәрмеңке республиканың барлық өңірінде өтті.

Жаңалықтармен бөлісу