26 мая, 2025
Қостанайда заманауи қонақ үй салынады

Қостанайда заманауи қонақ үй салынады

Заманауи қонақ үй салудың перспективалары  облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Marriott International қонақ үйлер желісінің өкілдерімен кездесуінде талқыланды.

«Қостанай облысы ірі халықаралық инвесторлар үшін барған сайын тартымды аймаққа айналуда. Бұл – инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі», – деп жазды бұл туралы облыс басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.