Бүгін Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында мерзімді әскери қызметшілерге қызметтік автокөліктердің кілтін табыстау рәсімі өтті.
Бүгін әрқайсыңыз жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету үшін әскери техниканы күтіп-баптауды мойындарыңызға алып отырсыздар. Әскери техника жеке құрамды қорғау, ұтқырлық және дер кезінде жеткізу құралы саналады. Оларды пайдалану және жөндеу шеберлігін меңгеру – әрбір жүргізушінің борышы», – деді 6697 әскери бөлімінің командирі, полковник Талғат Әбдіров.
Салтанатты іс-шарада сарбаздар барлығы оннан астам қызмет көлігіне ие болды. Рәсім колоннадағы салтанатты шерумен аяқталды.