Бұл жайында қала әкімінің аппарат кеңесінде хабарланды.
Байқау 1-23 желтоқсан аралығында ұйымдастырылмақ.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тағайындалған. Негізгі мақсат – ғимараттардың, құрылыстардың және оларға іргелес аумақтардың қасбеттерін мерекеге сәйкес безендіру.
«Үздік безендірілген аула байқауында бірінші, екінші және үшінші орындар болмайды. Оның орнына үш аталымды белгіледік: «Басқарушы компаниялар арасында ауланы қыс мезгілінде үздік абаттандыру және безендіру», «МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) арасында қыс мезгілінде ауланы үздік безендіру» және «Үздік ұлттық қысқы аула». Жеңімпаздарға 500 000 теңгеден беріледі. Екінші байқау ғимараттар сыртын безендіруге арналмақ. Екі аталым бойынша жүргізіледі. Олар: «Үздік жаңа жылдық безендірілген бизнес нысандары» және «Үздік жаңа жылдық безендірілген мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер». Мінекей осы жерде жүлделі үш орынның жеңімпаздары анықталмақ», – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.
Қ.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ
