Қостанайда «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті

Қостанайда «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті

Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Байқау № 17 жалпы білім беретін мектебінің  базасында ұйымдастырылды.



Жітіқара ауданы  Чайковский жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Натипа Жақыпова “Үздік дене шынықтыру сабағы” номинациясын иеленді. “Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара” номинациясымен  Бейімбет Майлин ауданы Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі  Тұралы Орынбай марапатталды.

Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі  Ержан Бауыржанұлы, Қостанай қаласы  Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Руслан Жүсіпов, Рудный қаласындағы  № 17 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Сәлім Дүйсенбай жүлделі орындарды бөлісті.

 

Жаңалықтармен бөлісу