31 мая, 2025
Қостанайда тұрғын үй қорынан жалға берілетін баспаналарға өтініш қабылдау мерзімі белгілі болды

Қостанайда тұрғын үй қорынан жалға берілетін баспаналарға өтініш қабылдау мерзімі белгілі болды

Қостанайда баспана кезегінде тұрған адамдарға жалға берілетін тұрғын үйлерді беру үшін өтініш қабылдау 29 шілдеде басталады. Бұл туралы «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ хабарлады.

«Жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған адамдардан кейіннен сатып ала отырып, жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініш қабылдау 2 тамызға дейін жалғасады», – деп мәлімдеді ведомстводан.

Құжаттар Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 үй, №1 кабинетте (екінші қабат) қабылданады. Анықтама телефоны: 39-11-62, 57-57-71.

Қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Өтініш;

2) Жеке куәліктің көшірмесі (барлық отбасы мүшелеріне);

3) Санатты растайтын құжат;

4) ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ/бар екені туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне).