Биыл облыс бойынша 500 шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 47 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Бұл ретте жаңа бой көтеріп келе жатқан «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылысын ерекше атап өткен жөн. Қазір онда он үш көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Биыл біз тағы 21 үйдің құрылысы басталады. Жалпы, қос шағын ауданда шамамен 60 мыңнан астам адам тұратын 154 көп қабатты үй салынады.
«Сонымен қатар, кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырамыз. Бұл мақсатта биыл тағы 1 000 пәтер сатып алу жоспарлап отырмыз», – деді Қ.Ақсақалов.
Облыс басшысы өңірде басқа да жаңа нысандар салынатынын айтты. Яғни, 2025 жылы жиырмадан астам жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы басталады. Жеті мектеп ашылады. Бес балабақша салынады. Биыл үш емхананың құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар, балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Спорт саласында алты спорт-деншынықтыру орталығының құрылысы аяқталады.
«Бұдан бөлек, мүмкіндігішектеулі жандар менің атыма бірнеше рет жүгінген, Сондықтан біз Қостанайда мүгедектерге арналған спорт орталығын саламыз деп шештік. Бұл жобаны биыл іске асыруды бастаймыз»,– деді облыс әкімі.
Биыл облыс орталығында спорт сарайының құрылысы да басталады. Үстел теннисі орталығы бой көтереді. Бұрынғы ескі «Осминог» әбден ескірді. Ол үш-төрт жылдан бері жабық тұр. Енді оның орнына жаңасы салынады. Болашақ нысан балалардың, қала тұрғындары мен қонақтарының нағыз демалыс орталығына айналады.
Әлібек ЫБЫРАЙ,
Сурет Бердіболат Көркембаевтың архивінен алынды