Қостанайда түркітілдес елдер өнерпаздарының басын қосатын ауқымды концерт өтеді

Қостанайда түркітілдес елдер өнерпаздарының басын қосатын ауқымды концерт өтеді

13 желтоқсан күні Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концерттік залында бүкіл әлемге қазақ халқының музыкалық өнерін, бірегей қазақ музыкалық аспаптарын және дала әуенімен сұлулығын танытқан ұжымның, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің 15 жылдық мерейтойына арналған “Тобыл-Торғай толғауы” атты салтанатты концерт өтеді.

Іс-шараның мақсаты – оркестрдің жоғары орындаушылық шеберлігімен тыңдарман қауымның сүйіспеншілігін тудыру, оларды халқымыздың бай музыкалық мұраларымен, отандық және әлемнің классикалық озық музыка үлгілерімен сусындату.

Фестивальда өнер көрсететіндер:

  1. Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі;
  2. «Дэрт» ансамблі, Башқұртстан;
  3. «Күү булак» ансамблі, Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы;
  4. «Тараннум» ансамблі, Өзбекстан;
  5. Фарух Садыков – Өзбекстанның халық әртісі, дирижер;
  6. Медет Чотабаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  7. Нұрлан Бекенов – мәдениет қайраткері;
  8. Берік Оразалин – Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері
  9. Аслан Өтебаев – Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің  дирижері.

Концерт Жастар сарайында сағат 18:30-да басталады.

Айта кетейік, 12 желтоқсан күні дәл осы ғимаратта “Түркі әлемі” атты IV халықаралық фестиваль өтеді. Басталу уақыты – 18:30.

Жаңалықтармен бөлісу