Қостанайда ТКШ мәселелері талқыланды

Қостанайда ТКШ мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының депутаттары бастамашы болған бұл құжат көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың тиімділігін арттыруға және коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

Осыған байланысты Қостанай қаласында ТКШ мәселелеріне арналған форум өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева қатысып, ПИК, МИБ және басқарушы компаниялардың төрағаларына жаңа заң нормаларын түсіндірді.       Форумның негізгі көздегені өзгерістердің мәнін жеткізу және оларды тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын талқылау.

            «Көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстау мен басқару мәселелері азаматтардың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Жаңа заң ОСИ мен КСК жұмысының айқын әрі түсінікті тетіктерін бекітеді, бақылау мен жауапкершілікті күшейтеді. Ең бастысы – тұрғындар өз қаражатының жұмсалуына бақылау жасап, шешім қабылдауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады», – деді Екатерина Смышляева.

Жиынға Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілдері, Қостанай қаласы әкімдігі, AMANAT партиясының облыстық филиалы, коммуналдық қызмет ұйымдары мен 100-ден астам МИБ және ПИК төрағалары қатысты.

blank

Айта кетейік, жаңа түзетулерге сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тек МИБ немесе тікелей қатысу нысаны арқылы жүзеге асады. ПИК сақталады, бірақ жаңа талаптар негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, ортақ мүліктегі үлесті есептеу ережелері нақтыланды (оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар, қоймалар мен автотұрақ орындары), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бақылау тетіктері күшейтілді.

blank

Заң 2025 жылғы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Осыған байланысты бүгінгі кездесу басқару құрылымдарының алдын ала дайындалып, жаңа нормаларды тиімді енгізуіне мүмкіндік береді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді ұсынған AMANAT партиясының баспасөз қызметі