23 мая, 2025
Қостанайда тасаттық беріледі

Қостанайда тасаттық беріледі

Бүгін, қасиетті жұма күні сағат 15:00-де аймақтық деңгейде тасаттық беру ғұрпы өтеді.

Жаратушыдан жауын-шашын тілеу рәсімі Гашек көшесіндегі «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» саябағында өткізіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы құрбандық шалу рәсіміне жауапты болмақ.

Ата-бабадан келе жатқан бұл салт күн ысып, жаңбыр болмай, бірнеше күн құрғақшылық келген уақытта орындалады. Ал облыстық мешіт қызметкерлері жамағатты екі рәкағат истисқа (тасаттық) намазын оқып, дұға жасауға шақырады.