Қостанайда KIA зауыты пайда болмақ

Қостанайда KIA зауыты пайда болмақ

Бұл туралы қазір “Жастар сарайында” өтіп жатқан инвестициялық форумда белгілі болды

Отандық және шетелдік іскерлік қоғамдастықтың, әртүрлі саладағы бизнесті дамыту институттарының өкілдері бас қосқан жиында спикерлер өздерінің инвестициялық жобаларын таныстыруда. Қоршаған ортадағы экологияға зиянды  заттарды азайту мен жаңартылатын энергия көзін пайдалануға бағытталған  жобаларды іске асыру мәселелері де талқылануда.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміз пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу салаларында ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Инвестфорумға келген KIA зауытының бас директоры Ким Дэки олардың компаниясы Қазақстанмен тығыз ынтымақтасуға ниетті екенін жеткізді. Қостанайда Kia автомобильдерінің өндірісі жолға қойылатыны сөз болды. Жалпы инвестициялық  жоба 200 млн АҚШ долларын құрайды, оның 120 млн- ы жабдық сатып алуға, қалғаны  зауыт құрылысына бағытталмақ.

 

Жаңалықтармен бөлісу