Қаламыздағы суретшілердің кәсіби ұйымының қалыптасуының басында тұрғандардың бірі де бірегейі мүсінші Белоусовтар.
Қазақстан көркемсурет қорының Қостанай көркем-өндірістік шеберханасын ұйымдастырып, жемісті жұмыс істеп, тарих пен мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің мүсін галереясын құрды. Ұлы Отан соғысының батырларын еске арналған монументалды ескерткіштерді бірнеше аудан орталықтарында орнатылды.
Осы ескерткіштердің орнатылуына себепші болған Леонид Прокопьевич Белоусов 1928 жылы Киров облысының Белоусово ауылында дүниеге келген. Нижний Тагилдағы өнер мектебінде болашақ жарын Муза Белоусованы кездестірді. Жоғары көркемсурет және өнеркәсіп училищесін бітірген жұп екінші Отанына айналған Қостанай қаласына 1958 жылы келген.
Ата-анасының шығармашылық жолын үлкен қызы Ольга және оның ұлы Нестор жалғастырды. Қазіргі күні олар Санкт-Петербург қаласында тұрады. Өнерге деген құштарлық Муза мен Леонидтің шөбересі, Наталья Леонидовнаның немересі 15 жастағы Элизабет Потаваға да берілді. Кіші қызы Наталья Потава тарихи-өлкетану музейінде өткен көрменің ашылуына себепші болып отыр.
Гүлім Қажым, ҚӨУ-нің 3 курс студенті.