Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың алдына қостанайлықтар осындай мәселе қойды.
Көршілес өңірлерге қарасақ, жол бойы тұлғаларын айғақтайтын белгілерден көз сүрінеді. Ал, бізде ше?..
“Келер жылы қазақтың асқақ тұлғасы, тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың мерейтойы келе жатыр. Жайшылықта жерлесіміз деп аттандаймыз. Тұлғаға қойған қалада бюст те жоқ. Туған жері Қостанай жерінде ескерткіш орнарылса”, – деді облыстық мәслихаттың депутаты Динара Өтебаева.
Вице-министр депутаттың бұл ұсынысын қолдады:
“Ұсынысыңыз орынды. Тұлғаға ескерткіш орнату жайы тарапымыздан қарастырылып жатыр. Екі жақты келісімдер жүріп жатыр”, – деді Евгений Кочетов.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков