Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және әскери қызметтің имиджін арттыру мақсатымен ҚР ҰҚК Шекара қызметі ансамблі концерттік бағдарламамен Қостанайға келді.
Мәдени іс-шараға Қостанай қаласында орналасқан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қызметшілері, колледж студенттері мен орта білім орындарының оқушылары шақырылды.
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясына жиналған көрермендер халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған талантты әскери қызметшілердің өнерлерін жоғары бағалады.
Ендігі кезекте шығармашылық ұжым облыстың Жітіқара қаласында, Қарабалық, Ұзынкөл аудандарының тұрғындарына концерттік бағдарламаларын қоятын болады.