Қостанайда шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті

Қостанайда шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті

«Kazakhstan Special Olympics» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы Еуропалық арнайы олимпиадалық футбол апталығы аясында шағын футболдан облыстық турнир өткізді. Жыл сайынғы турнирге Қостанай облысының 14 білім және әлеуметтік қорғау мекемелерінен 17 команда  қатысты.     

    «Жарыс барысында ауа райының қолайсыздығы командалардың өз өнерлерін көрсетуіне кедергі болған жоқ. Облыстық турнирдің жақсы ұйымдастырылуы мен кәсіби төрешілік олардың жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік берді. Стадионды футбол рухы белсенді түрде билеп, әр ойынды спорттық құмарлықпен және жеңіске деген құштарлықпен сүйемелдеп отырды», – дейді Қазақстандық арнайы олимпиада облыстық филиалының директоры Валентина Исмурзина.

Қатысушылар жасы мен қабілетіне қарай әртүрлі топта  сайысты. Футбол ойындарының  қорытындысы бойынша Рудный қаласының ерекшелігі бар балаларды қолдау орталығының құрама командасы 1-орынға ие болды.  2-орынды Рудный қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы ие болды. 3-орын  Пешков арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығына бұйырды.  Қыздар арасында 1-орынды Рудный қаласының ерекшелігі бар балаларға қолдау орталығының командасы иеленді.  Лисаков арнаулы мектебі 2-орынға қол жеткізді.  Қостанай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы 3-орын алды Барлық спортшылар «Қазақстан Арнайы Олимпиадасы» Қостанай облыстық филиалының және Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен, кубоктармен марапатталды.

Күрделі дайындықты қажет ететін спортшыларға арналған командалық жарыстардан басқа, жеке шеберлік жарыстары өткізілді. Бұл  көрсеткіші бойынша ересектер арасында  Руслан Нальгиев  –72 ұпай, Әліби Тобағали 65 ұпай алып үздіктер қатарында болды. Кіші топта 53 ұпаймен Матвей Максин көш бастады, одан кейін Александр Баландин – 52 ұпай, Никита Сивокон – 49 ұпай жинады. Барлық спортшылар медальдар мен сертификаттарға ие болды.  Аталған іс-шараға облыстың барлық арнайы мекемелерінің белсенді қатысқанын да атап өткен жөн.

            «Спортшылар жақсы жабдықталған, олардың дайындық сапасы да артып келеді. Тәртіптілігі мен жеңілістерді лайықты өтеу қабілетін айта кеткім келеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында спорт залдарының жоқтығын ескере отырып, осы мекемелердің басшылары мен жаттықтырушыларына, осы қиындықтарға қарамастан спорттың әр түрін белсенді түрде дамытып жатқанына алғыс білдіремін.  Осының барлығы арнайы олимпиада қозғалысының қызметін қолдау бойынша атқарылып жатқан үлкен жұмыстың бір қыры», – дейді В.Исмурзина.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу