25 мая, 2025
Қостанайда Service Desk цифрлық жүйесін енгізу ұсынылды

Қостанайда Service Desk цифрлық жүйесін енгізу ұсынылды

Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының алаңындағы  салалық кеңесінің отырысында айтылды. Бұл жүйе еліміздегі кәсіпкерлермен коммуникацияның тиімділігін едәуір арттырып отыр.

Мәселен, өткен жылы ғана 15 мыңнан астам бизнес субъектілері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында консультациялық, құқықтық және өзге де қызметтер алды. Осы жылдың басынан бері 5 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетілген.

Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік міндеттерді шешудегі ынтымақтастықтың келешегі де талқыланды.

«Үкіметтік емес ұйымдар бүгінде азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі. Бизнес пен ҮЕҰ арасындағы мұндай әріптестік өңірлік міндеттерді шешуге диалог пен ресурстарды біріктіру арқылы жаңа тәсілдерді көрсетеді. Ол халықтың алдында тұрған өзекті мәселелерді анықтауға және шешуге белсенді қатысады. Бұл бастамалар тұрақты әлеуметтік ортаны құруға ықпал етеді, сондай-ақ өңірді дамытудың біртұтас экожүйесін қалыптастыра отырып, мемлекеттік қолдау шараларын толықтырады», – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаев.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік жобаларға қатысудан бастап бірлескен білім беру бастамаларына дейінгі ынтымақтастықтың нақты тетіктерін талқылады. Қызметтердің қолжетімділігін арттыруды, әлеуметтік маңызы бар салаларда кәсіпкерлік бастамаларды дамытуды қоса алғанда, бірқатар бағыттардағы күш-жігерді үйлестіру туралы уағдаластықтар болды.

Айбол Өміртаев,

ҚӨУ студенті