Қызылша дерті өршіп тұр: 17 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай

Қызылша дерті өршіп тұр: 17 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай

Облыс бойынша былтырғы сәуір мен осы уақыт аралығында қызылшаның 268 жағдайы тіркелді. Бүгін осы диагноз 49 адамда расталды.Науқастардың негізгі саны Қостанай қаласында байқалады –173 жағдай.

Айта кету керек, зардап шеккендердің 78,3% – дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар, олардың көпшілігі 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.

Қызылша көбінесе вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі, бұл жағдай 87,3% құрайды.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 31 бала қызылшамен ауырып жатыр, оқушылар арасында 30 жағдай, студенттер арасында 50 жағдай тіркелді.

Жаңалықтармен бөлісу