26 мая, 2025
Қостанайда қысқы облыстық спартакиада мәреге жетті

Қостанайда қысқы облыстық спартакиада мәреге жетті

Рудный қаласының құрама командасы 19 жылғы үзілістен соң қайта жанданған доданың жеңімпазы атанды.

Спартакиадаға облыстың 16 ауданы мен 4 қаласының командалары қатысқан болатын.

 

«Рудный қаласының намысын 60 спортшы қорғап, шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру және шаңғы спорты бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Шешуші хоккей бойынша жекпе-жек Рудный мен Қостанай арасында өтіп, біздің спортшылар ерік-жігерін, шеберлігін және рухын көрсетіп, жалпы есепте жеңіске жетуге шешуші үлес қосты. Бүгінгі жеңіс – қаламыздың мақтанышы және Рудныйда талантты спортшылар өсіп келе жатқандығының дәлелі», – дейді бұл туралы Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко.

Төрт қысқы спорт түрін қамтыған жарыста аудандар арасынан Қостанай ауданының құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Команданың 52 спортшысы қиын бәсекеде үздік жеке жетістіктерге қол жеткізді. Облыс аудандары арасында жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Қостанай облысының барлық өңірлері арасында Қостанай, Рудный қалаларына жол берді.

Бұл жеңістер – тынымсыз жаттығулардың, мықты командалық рухтың және жоғары нәтижеге ұмтылыстың жемісі болып қала бермек. Спартакиада өңірдегі спорттық өмірдің жарқын оқиғасына айналып, жүздеген қатысушылар мен жанкүйерлерді біріктірді.