Қостанайда мектепке дейінгі даярлайтын жекеменшік орталықтар жоқтың қасы. «Ақжол» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Жабаева баласын қазақ мектебіне беруі үшін алдымен даярлық орталығына бергісі келеді. Осыдан 14 жыл бұрын тұңғыш баласын қазақ мектебіне берген кезде осындай қиындыққа тап болған.
Уақыт өтсе де, қазақ тілінде даярлайтын жекеменшік студиялардың әлі де аз екенін, сұраныстың жоқтығын айтып қынжылады.
– Басты мәселе, біз орыс тілді отбасымыз. Бірақ балаларымыз біз кездескен қиындықтарды көргенін қаламаймыз. Әсіресе, тіл мәселесі. Сондықтан біз балаларымыздың қазақ тілін үйренуі үшін мүмкіндігінше көп уақытты арнаймыз, – дейді халық қалаулысы.
Тұңғыш ұлдары дүниеге келіп, балабақшаға баратын уақыт келген кезде, еш ойланбастан қазақ тобына бергені де сол. Содан мектепке дейінгі дарялық тобына барды, сөйтіп, облыс орталығындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №9 мектебін таңдады. Қалыптасқан білім орны болғандықтан, ата-ананың таңдауы осы мектепке түсті. Себебі. балалары қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алмайтын. Оған қоса, сол кездері бізде қазақ тілін үйрету орталықтары болған жоқ. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ