Қардың көп түсуіне байланысты Қостанайдың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Таңғы сегізден бастап қала көшелерін қардан тазартуға 250-ден астам жұмысшы мен 85 арнайы жұмылдырылды.
Сағат 11:00—дегі жағдай бойынша 40 тонна құм—тұз қоспасы пайдаланылды.
«Жол қызметінің жұмыстары ауа райы жағдайларын ескере отырып түзетілетінін атап өтеміз. Қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға және абай болуға шақырамыз», – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.