«Максим Котовпен бірге — Қауіпсіз демалыс» мини-сериалы балаларға жолда өзін қалай дұрыс ұстауды, бейтаныс адамдармен неге сөйлесуге болмайтының үйретеді.
Полиция қызметкерлеріне сериал түсіруге «Барс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері көмектескен.
«Жасөспірімдер бұл түсірілім арқылы су жағасында қалай қауіпсіз демалу керек екенін, лифт ішінде бөгде адаммен қалсаң не істеу керек екенін біледі. Пайдалы кеңестер, шынайы жағдайлар мен қарапайым ережелер — демалысты қызықты әрі қауіпсіз етеді», – дейді ұйымдастырушылар.
Көріңіз және бөлісіңіз — қауіпсіздік білімнен басталмақ.