28 мая, 2025
Қостанайда полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған төрт тұрғын жазаланды

Қостанайда полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған төрт тұрғын жазаланды

Облыс орталығында  төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Келесі күні кешке қарай  су басқан Красный кузнец көшесінде  тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Осы ауданда тұрғындар мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізіп жүрген полицейлер қауіпті аумақта жүрген бір топ адамды кездестіреді. Қызметкерлер олардың барлығы эвакуацияланғанын түсіндіруге тырысқанда, төртеуі қызуқандылық танытып,  балағат сөздер айтқан.

Әкімшілік сот оларға 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.