12 шілдеде таңғы сағат 5-те Қостанай қаласында “Қауіпсіз жол” жедел алдын-алу шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері “Nissan Maxima” маркалы автокөлікті мас күйінде басқарған жергілікті тұрғынды ұстады.
Айта кету керек, жүргізуші қызметкерлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, жасырынбақ болды.
Жүргізілген медициналық куәландыру мас болудың “орташа” дәрежесін көрсетті.
“Тәртіп бұзушыға қатысты полиция мас күйінде көлік құралын басқарғаны, қарсы бағытқа шыққаны, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны және бағдаршамның тыйым салу сигналына барғаны үшін әкімшілік хаттама жасады. Жиналған әкімшілік материал сотқа жіберілді”, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Автокөлік айып тұрағына жіберілген.