«Юбилейный» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, жиһаздары жанып кетті. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 25 адамды құтқарып алған. Оның төртеуі балалар.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
“Өрт толығымен 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады”, – делінген ресми хаттамада.