Биылдыққа Қостанай қаласының аумағында 92 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмап, екі адам жапа шеккен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ке аз.
Оқыс оқиғаның азайғаны көңілге медеу. Десек те, өрт сөндірушілер қажетті техниканың жеткіліксіздігін айтып шағымдануда. Бүгінде қалада үш өрт сөндіру бекеті және 32 техника бар. Өкінішке қарай, құрал-жабдықтардың 45%-і тозған.
– Қаланың шеткі аумақтарында кіреберіс жолдары бар пирс салу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын. Сондай-ақ, қырық дана сөмкелік өрт сөндіргіш сатып алуға көмек берсеңіз деймін. Алып техникалар оқиға болған жерге кіре алмай қалған жағдайда мұндай өрт сөндіргіш сөмкелердің көмегі көп, – деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Алмаз Төлендин.