Қостанайда науқан қызу өтіп жатыр

Қостанайда науқан қызу өтіп жатыр

Облыс орталығындағы Музыкалық мектепте орналасқан №3 референдум учаскесінде біраз жұмыс атқарылды. Қарқынды жабдықталған нысанда дауыс беру науқаны да қызу өтуде. Бұл туралы комиссия мүшесі Гүлхауан Әмірова баяндайды.

“Біздің учаскеге облыс әкімі сайлаушы ретінде тіркелген.Сайлаушыларымыздың ішінде 24 мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Ол кісілерге алдын ала хабарланып, өтініштер алынды. Қазір олардың қатары үш сайлаушымен толықты. Оған комиссия мүшелері барып, дауыстарын алып келеді”, – дейді Г. Әмірова.

Алғашқы болып дауыс берген үш қатысушыға сыйлық берілді. Отбасымен, тіпті кішкентай немересін жетектеп келіп дауыс берген зейнеткер Ағым Байтекенова референдумның еліміз үшін маңызды екенін тілге тиек қылды.

-Еліміздің өркендеуі үшін референдумға міндетті түрде өз дауысымызды беруіміз керек. Ол әрбір қазақстандықтардың парызы, – дейді Ағым Байтекенова.

Сондай-ақ бұл жерде жәрмеңке ұйымдастырылды. Музыка мектебінің оқушылары концерт қойып жатыр. Алғашқы таңдау жасаушыларға сыйлықтар да үлестірілген.

Шұға Қоңқабай

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу