Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, жыл басынан бері 32 борышкерге айыппұл салынып, жүргізуші куәлігі тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мемлекеттік кірістер органдары, жеке сот орындаушылары мен полиция қызметкерлері бірлесіп берешекті өндіріп алу барысында “TAYOTA RAV4” автокөлігін арнайы автотұраққа орналастырды. Қазіргі кезде «АвтоУраган» іс-шарасы жүргізілуде.
Салық берешегін уақытылы өтемеген жағдайда сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп ала алады. Олар уәкілетті органдардың тіркеу іс-әрекеттерін шектеп, борышкердің елден тыс жерлерге кетуіне тыйым салып, қамауға алып, жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтатып, банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым сала алады.
Бұдан басқа жеке сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға да құқықтары бар. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін салық берешегін уақытыл төлеп, мәліметтерді тексеріп отыру қажет.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА