Қостанайда KIA құрастыру зауытының құрылысы басталды

Қостанайда KIA құрастыру зауытының құрылысы басталды

KIA автокөлік зауыты құрылысының ашылу салтанатына қатысқан ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан-Корея арасындағы қарым-қатынаста табысты жобалар үлесінің сәтті жалғасып келе жатқанын атап өтті.

“Өткен жылғы екі елдің тауар айналымы алты жарым млрд доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Оңтүстік Корея елі ең ірі инвесторлар буынына кіреді. Қостанайдағы салынатын бұл машина жасау зауыты серпінді технологиялық жоба. Мемлекет басшысы индустрия жобаларын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл – тарихи сәт. Сыртқы елмен қарым-қатынаста жасалып отырған тұңғыш өндірістік жобалардың бірі. Арадағы серіктестік жалақысы жоғары жұмыс орындары мен білікті мамандар қалыптастырады, экономикалық тиімділігі зор”, – деді Роман Скляр.

 

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев.

Жаңалықтармен бөлісу