Қостанайда керлингтен оқу-жаттығу жиыны өтті

Қостанайда керлингтен оқу-жаттығу жиыны өтті

Бұл іс-шара жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибелерін молайтуға бағытталды. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшелері, оның ішінде керлингтен спорт шеберіне үміткер Абылайхан Досжанұлы Жүзбай  арнайы шақырылды.

Жаттығу барысында жас спортшылар техникалық және тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, Ұлттық құраманың жетекші спортшыларымен бір алаңда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Абылайхан Жүзбай  жиын туралы өз пікірін білдіріп, жас спортшылардың табандылығына жоғары баға берді:

«Қостанайда өткен оқу-жаттығу жиыны өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Балалардың талпынысы ерекше қуантады. Егер осы қарқынмен дайындықты жалғастыратын болса, болашақта жүлделі орындарға қол жеткізетініне сенімдімін», – деді ол.

Қостанай қаласының жасөспірімдер құрамасының мүшесі Едресов Алдияр да оқу-жаттығу жиынының маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтармен бөлісу