Мерекелік қабылдауда әртүрлі салалар мен кәсіподақтардың өкілдері, түрлі мамандықтағы әйелдер бір арнаға топтасты.
Аумақтық бірлестік төрайымы Ирина Аронова әрбір қатысушыны ерекше атап өтіп, олардың өз мамандығына деген адалдығы, кәсібилігі және кәсіподақтардағы белсенді еңбегі үшін алғыс білдірді.
«Қазіргі таңда гендерлік теңдік мәселесі қоғамның басты назарында. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен даму жолында бірлігінде» атты қызмет стратегиясының басты міндеттерінің бірі – теңгерімді гендерлік саясат жүргізу.Бұл саясаттың негізгі мақсаты – еңбекші әйелдердің жағдайын жақсарту, олардың құқықтарын қорғау, мансаптық өсуіне және кәсіби білім алуына мүмкіндік жасау, сондай-ақ отбасы мен жұмыстың үйлесімділігін қамтамасыз ету. Кәсіподақтар әйелдерге кез келген қиындықты жеңуге, өз қабілеттерін дамытуға және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кәсіподақ қозғалысындағы әйелдердің рөлі аса маңызды, өйткені олар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Осылайша, әйелдер гендерлік теңдік мәселесін шешуде, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуда басты күш», – деді Ирина Аронова
Облыстық филармонияның әртістері мерекелік іс-шараны өнерімен әсерлі түрде толықтырып, жылы әрі достық атмосфераны қамтамасыз етті.
Қатысушыларға кәсіби мамандықтарына деген адалдықтары үшін алғыс хаттар, естелік буклеттер және ақшалай конверттер табыс етілді. Бұл сыйлықтар кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестерін бағалау мақсатында жасалды.
Бұл салтанатты қабылдау кәсіподақ қозғалысындағы әйелдердің белсенділігін тану және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін бағалау тұрғысынан маңызды оқиға болды.
Кәсіподақтар әйелдерге өз құқықтарын қорғауға, мансаптық өсуге, сондай-ақ кәсіби және жеке өмірлерінде үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Диана Алмасқызы
ҚӨУ студенті
3 курс