Қостанайда интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды

Қостанайда интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды

Мектеп оқушылары арасында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті танымал етуге бағытталған «IT brAInstorm» интеллектуалдық алғаш рет өтіп отыр.

Аталған іс-шара жастардың цифрлық дағдыларын дамыту және заманауи IT-мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.

Квизге Қостанай қаласының 7 мектебінен құралған командалар қатысты. Қатысушылар ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект тақырыптарын қамтыған бірнеше раундта бақ сынап, логикалық есептерді шешіп, жылдам ойлау мен командалық өзара әрекеттесу дағдыларын көрсетті.

«IT brAInstorm» форматы дәстүрлі викториналардан ерекшеленіп, оқушыларға тек білімдерін тексеріп қана қоймай, аналитикалық ойлауын, креативтілігін және топта жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Квиз барысында қатысушылар заманауи технологиялық үрдістермен танысып, IT саласының мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтті.

Іс-шараға «Келешек мектептері» жобасына кіретін Қостанай қаласының №31 және №32 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары да қатысты. Бұл мектептерде инновациялық технологияларға қызығушылықты дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Квиз басталар алдында қатысушылар үшін Qostanai Hub базасында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар инфрақұрылыммен танысып, білім беру бағдарламалары, стартап-бастамалар және технологиялық даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Іс-шара «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл бастама өңірде білім беруді дамытуға және болашақ IT-мамандарды даярлауға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын көрсетті.

blank blank blank blank blank blank

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «IT brAInstorm» квизі мектеп оқушыларын цифрландыру үдерісіне тартудың тиімді алаңына айналып, олардың IT саласына деген қызығушылығын арттыруға және дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік берді.

Аружан СЕРІК,

ҚӨУ студенті