25 мая, 2025
Қостанай тұрғыны ауласында қарасора өсіріп келген

Қостанай тұрғыны ауласында қарасора өсіріп келген

Жеке сектордың ауласын тінту кезінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері биіктігі 3 метрге дейін жететін 36 қарасора бұтасын тапты. Қарасора өсіру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғын өз үйін жабдықтаған.

Моншадан тағы 42 кептірілген марихуана бұтасы мен барлық қажетті жабдықтар табылған.

«Жарық және диодты шамдар, кептіргіштер, электронды таразылар және тіпті тыңайтқыштары бар канистрлер тәркіленді. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – ПД өкілдері.

Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз еккені үшін қостанайлық 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.