29 мая, 2025
Қостанайда есірткі тасымалдаушы жасөспірім ұсталды

Қостанайда есірткі тасымалдаушы жасөспірім ұсталды

17 жастағы жергілікті тұрғынды Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері құрықтады.

Оның өзімен электрлік таспамен оралған ақ ұнтағы бар 8 zip-пакет болды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің айтуы бойынша, ол бұл заттарды көшеден тауып алған.

«Сараптама көрсеткендей, тәркіленген синтетикалық препараттың салмағы – 3,86 грамм. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

Ведомство жыл басынан бері есірткіге байланысты 200 құқық бұзушылық фактілерінің жолын кескенін атап өтті.
43 келі есірткі, оның ішінде 2,5 келі синтетика заңсыз айналымнан алынған.