Қостанай полицейлері Жоғары политехникалық колледж еріктілерімен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды бояу акциясын өткізді.
Волонтер Станислав Кашталинчуктің айтуынша, акция жастардың назарын есірткінің ауыр салдарына бағыттауға арналған.
Мен волонтерлік қызметпен 2021 жылдан бері айналысып келемін, және есірткі жарнамасын алғаш рет бояп жатқан жоқпын. Нашақорлық – жаһандық проблемалардың бірі. Біз жастарды есірткі жарнамалайтын сайттарға кірудің өте қауіпті екенін ақпараттандыруға тырысамыз және барлық тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, – деді жоғары политехникалық колледжінің студенті Станислав Кашталинчук.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының есірткі жарнамасы туралы жиі хабарлай бастағанын атап өтті.
Бізге синтетикалық препараттарды жарнамалайтын сайттарға сілтемелері бар суреттер туралы бей-жай қарамайтын тұрғындардан жиі ақпарат келеді. Күніне орта есеппен тұрғындардан 4-5 өтініш келіп түседі. Біз азаматтардан әлеуметтік желілер арқылы осындай фактілер туралы дереу хабарлауды сұраймыз. Сондай – ақ бізде анонимді сенім телефоны бар-52-61-19. Егер бұрын мұндай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған болса, енді абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды, – деді Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ераділова.
Акцияның мақсаты – жастардың назарын есірткі қабылдаудың жағымсыз салдарына аудару.
Шұға Аңсғанқызы