Қостанайда еріктілер көрмесі ашылды

Қостанайда еріктілер көрмесі ашылды

Еріктіліке қызығушылар саны жылма-жыл артып келеді. Ал, қызығушылық танытқандар qazvolunteer.kz платформасына кіріп, өз қалаларындағы еріктілер ұйымына қосыла алады. Бұл сайттан еріктілерді қабылдайтын 20-мыңнан астам шет елдік ұйымдарды таба аласыз.

Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы көрме ТМД елдеріндегі еріктілер қозғалысының тарихы мен дамуы жайлы сыр шертеді.

Олардың құқықтық негізі мен ресми құжаттары, Қазақстан мен Қостанай облысы еріктілерінің жұмысы туралы жарияларымдарымен таныстырады.

«Мен 2018 жылдан бері белсенді түрде еріктілікпен айналысып келемін. «АMANAT» партиясы жанындағы жастар қанатының «Сөйле» клубында қазақ тілін дәріптеп жүрмін. Белсенді жастарға әрқашанда жол ашық, оны өзім де байқап жүрмін. Руслан Мырзағалиевтің бастамасымен «Жаңғыру жолы» атты Ассамблеяда қоғамдық бірлестік болған. осы ұйымының қол астында әртүрлі қалаларға бардық. Қазақ тіліне бағытталған жобаларға қатыса келе, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бірнеше марапатқа ие болдым. Қазақ тілін жетік білгенім үшін Қостанай телеарнасына тележүргізуші, редактор болуға ұсыныс алдым. Тарих мамандығының қарапайым төртінші курс студенті бола тұра, шыңдала келе осындай жетістіктерге жеттім. Сіздерде де осындай мүмкіндіктер бар», – дейді Қостанай телеарнасының жүргізушісі, редакторы , «Аманат» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Сөйле» тіл үйрену клубының жаттықтырушысы Анель Пимичева.

Көрмеден еріктілердің түрлі атқарылған жұмысы туралы мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар ұсынылған.

Көріп, оқып таныса аласыздар.

 «Волонтер болу – бірінші кезекте өмірді қиындатпауға, қарапайым болуға және әрқашан ашық адам болып, жынысына, түріне, дініне қарамастан көмек қолын созуға үйретеді. Еріктілік біздің елде жақсы дамып келеді. Біз тренигтер мен семинарлар өткізіп тұрамыз», – дейді Қостанай облыстық ассамблеясының мүшесі Руслан Мырзағалиев.

Келген студенттер мұқият тыңдап қызығушылықтарын білдірді.

Көрмедегі материалдар жыл соңына дейін жаңарып отырады.

Гүлназ ТАҢАТҚАН

ҚӨУ студенті 

 

Жаңалықтармен бөлісу