Балаларды қорғау күніне орай, Қостанай облысында алғаш рет тірек-қимыл жүйесі бұзылған және неврологиялық аурулары бар балаларға арналған “Қамқорлық” атты ерте қолға алу орталығы ашылды.
«Қамқорлық қоры» қорының мүшелері Қостанай облысында орталық ашу және оны жабдықтау туралы ұсыныс білдірген болатын. Облыс әкімдігі бастаманы қолдап, ауданы 500 шаршы метр ғимарат таңдалды, дайындық жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 55 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Сонымен қатар, 256 млн теңге көлемінде жыл сайын қаржы бөлу көзделген. Невролог-дәрігерлерді, реабилитолог-дәрігерлерді, ЕДШ нұсқаушыларын, логопедтерді, дефектологтар мен психологтарды қамтитын қамтитын көп салалы денсаулық тобы құрылды. Мамандар біліктілікті арттырудың бірнеше кезеңінен өтеді.
Орталықтың ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали:
«Ерте қолға алу орталығы балаларға әлеуметтенуге, қажетті оңалту емін алуға, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруге және білікті көмек алуға мүмкіндік береді. Бүгінде орталыққа 46 бала келіп, оңалту курсынан өтіп жатыр», – деп, жаңа денсаулық сақтау ұйымының маңыздылығын жеткізді.
Жаңа орталық қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологияларымен, арнайы техникалық құралдармен, тренажерлармен, аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықталған.
«Қазақстан халқына» қоры денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласындағы көптеген жобалардың бастамашысы саналады. Қордың басым бағыттарының бірі – елдегі балаларға оңалту көмегін көрсетуге бағытталған инфрақұрылымды дамыту. Мәселен, серіктестермен бірлесіп, қалалар мен облыс орталықтарында аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталықтар мен балаларға арналған оңалту орталықтарын ұйымдастыру жобалары жүзеге асырылды. Жыл сайын жаңа орталықта 600-ден астам бала уақтылы көмек алып, диагностикадан өте алады. Бұл олардың өмір сапасын жақсартады. Жоба аясында жаңа жабдықтар сатып алынды, мамандар оқу курстарын тәмамдады», – дейді «Қазақстан халқына» ҚҚ Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының басшысы Гүлзия Бидатова.
«Ерте қолға алу орталықтарын құру жобасы ерекше балалардың құрдастарымен салыстырғанда, даму алшақтығын азайтуға ықпал етеді және олардың балабақшада, мектепте және өмірде сәтті бейімделу мүмкіндігін арттырады. Туғаннан үш жасқа дейінгі кезең – баланың дамуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Жалпы, инклюзияны дамыту аясында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен, оның ішінде серіктестермен бірлесе отырып, түрлі бағыттағы 38 оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ серіктестермен бірлесіп, жаңа оңалту орталықтарын және аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталықтарды іске қосу мәселесін пысықтап жатырмыз», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.
Орталық Л.Беда көшесі, 23а мекенжайында, облыстық аурухананың базасында орналасқан. «Қамқорлық» ерте қолға алу орталығында заманауи оңалту көмегіне қол жеткізу үшін әр клиент тұрғылықты жеріндегі емхананың невропатолог дәрігерінен кеңес алуы керек.
«Қамқорлық» ерте қолға алу орталығы Қостанай облысындағы ерекше балаларды сапалы және жан-жақты оңалту мүмкіндігімен қамтамасыз ететін, олардың жан-жақты дамуына және қоғамда өз орнын табуға ықпал ететін маңызды денсаулық сақтау ордасына айналуды көздейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда ҚР Үкіметі, өңірлердегі әкімдіктер, «Қазақстан халқына» қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сынды жоба серіктестерінің бірлескен күшімен 17 мемлекеттік ерте қолға алу орталығы ашылды. Биыл тағы 3 орталық ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, барлық 20 орталық жыл сайын шамамен 12 мың бала қабылдауға қауқарлы болады», – дейді «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.