Суретте Майлин көшесі 43 – інші үйдің бүгінгі көрінісі. «ЖилСтройСервис-98» ЖШС адам танымастай етіп сыртын жаңартты. Биыл одан бөлек 12 үйге күрделі жөндеу жасалса, 43 – іне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
«ЖилСтройСервис-98» ЖШС-мен үш жылдық келісімшарт жасалып, Әл-Фараби, Досжанов, Майлин көшесіндегі бірқатар тұрғын үйдің сырты жаңартылды. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына араласып жатқан мердігер компаниялардың арасында «Агростройсантехмонтаж-БГ» ЖШС, «Сатурн 17» ЖШС бар.
Алдағы уақытта осындай 151 тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.
Осы жерде айта кетейік. «Роман-2010» ЖШС, «Империя высоты»ЖШС,«Ер-Нур Строй и К» ЖШС, «СпецСтройМонтажКостанай» ЖШС және СК «СтройТех ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымдарымен шарттар жасалды. Орталық, КСК шағын аудандарында орналасқан 43 көппәтерлі үйлерге ағымдағы жөндеу жүргізілді.