Қостанайда электр желілерінің тозығы жеткен

Қостанайда электр желілерінің тозығы жеткен

Облыста энергия жабдықтаумен 4 жеке фирма және 3 мемлекеттік кәсіпорын айналысады. Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы-29 312 шақырым, оның ішінде тек 3 426 шақырым мемлекет меншігінде. Желілердің 72,4% тозығы жеткен. Бұл республика бойынша көрсеткіштен 66% жоғары.

            – Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жеткіліксіз. Былтыр 694 қуат беретін орындарда техникалық бұзушылықтар тіркелген. Оның көбі «ЭПК-forfait» ЖШС желілеріне тиесілі. Жалпы облыс бойынша электр жабдықтау желілерінде жыл басынан бері 661 технологиялық бұзушылықтар анықталды. Бұл олқылықтарды жылына тек 2% ғана төмендете аламыз. Жағдайды жақсарту үшін тарифтерді өз қызмет құнымен ғана көтеруге рұқсат бар, – деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров облыстық әкімдікте өткен жиналыс барысында.

Биылғы жылдың шілде айынан бастап тариф орташа алғанда киловатына 6,23 теңгеден 7,48 теңгеге көтерілген.

            –Президент өз Жолдауында желілердің тозуын кем дегенде 15% азайтуды тапсырған болатын. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде тозу 2,4% – ға кемітіліп, 70% жеткізіледі. Біздің міндетіміз жыл сайын шамамен 700 шақырым желіні жөндеу, бұл тозуды 2%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Энергетика және ТКШ басқармасына жыл соңына дейін Арқалық қаласында электр желілерін реконструкциялау бойынша жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау тапсырамын. 2024 жылдың басынан бастап Аманкелді және Жанкелдин аудандарында электр желілерін қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеуді бастауымыз керек, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

 

Жаңалықтармен бөлісу