Қостанайда дәстүрлі жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қостанайда дәстүрлі жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қостанайда тақтақ ақын Нұржан Наушабаев атындағы “Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен” атты республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушыларының байқау-фестивалі өтеді.

Дәстүрге айналған өнер додасында елдің түкпір-түкпірінен жиналған әншілер мен жыршылар екі аталым бойынша сайысқа түседі.
Фестивальдің басты қонағы – ҚР Мәдениет қайраткері, танымал жырау, ұлағатты ұстаз Алмас Алматов.Сондай-ақ ұлттық өнер кешінде дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова бастаған белгілі өнерпаздар Тобыл-Торғай жұртына ән-жырдан шашу шашпақ.Байқау-фестиваль 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де Қостанайдағы “Мирас” мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.

Жаңалықтармен бөлісу