Облыстық бокс федерациясының вице – президенттері Орал мен Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған халықаралық турнир 23-ші рет өткізілуде.
Биыл осы жарысқа Қытай, Оңтүстік Африка, Йемен, Ирак, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей сияқты елдердің өкілдері қатысуда. Жарыстың жеңімпаздары спорт шебері атағын алады. Қостанай облысының атынан 11 боксшы бақ сынауда.