Жобаның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы инклюзивті эко-жылыжай жұмыстарына бағытталған.
Онда балалар көкөністер, гүл өсіруді, табиғи циклдарды бақылауды және қоршаған әлемге ұқыпты қарауды үйренеді.
«Жоба бау-бақша негіздерін оқытуды ғана емес, сонымен қатар эмоционалды интеллектті, экологиялық ойлауды, жауапкершілікті және топтық жұмысты дамытуды қамтиды. Эко-жылыжай инклюзивті білім беру бағдарламасының бөлігі. Мұнда жақын жерде әртүрлі мүмкіндіктері бар балалар өсіп, дамиды, адамдарға көмектесуді, достасуды және оларға қамқорлық жасауды үйренеді», – дейді ұйымдастырушылар.
Демек, «Бірге өсу» жобасы жай ғана көгалдандыру емес. Бұл жақсы, саналы және тұрақты болашаққа жасалған қадам.
Бұл Жоба «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар жобалары конкурсы шеңберінде үздік 30 жобаға кіріп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпаратминистрлігінің 3 млн теңге көлемінде мемлекеттік жастар грантын алғанын айта кетейік.