Қостанайда бидайды терең өңдеу зауытын салу туралы Меморандумға қол қойылды

Қостанайда бидайды терең өңдеу зауытын салу туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін Астанада Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің шеңберінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен KazFoodProducts компаниялар тобы мен myande Group қытайлық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Келісім Қостанай қаласында бидайды терең өңдеу бойынша заманауи зауыт салуды көздейді. Жаңа кәсіпорынның қуаттылығы жылына 400 мың тонна бидайды терең өңдеуді құрайды.

 

Зауытта өндірілетін болады:

Лизин-мал шаруашылығы мен медицинада қолданылатын маңызды амин қышқылы;

Бидай глютені нан пісіру өнеркәсібінің маңызды құрамдас бөлігі;

Биоэтанол-химия өнеркәсібі үшін балама отын және шикізат;

Глютен-тамақ өнеркәсібінің сұранысқа ие құрамдас бөлігі.

“Мемлекет басшысы үш жыл ішінде АӨК – дегі өңделген өнімнің үлесін 70% – ға дейін арттыру міндетін қойды, – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов. – Бұл жобаны іске асыру астықты қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өңірдің АӨК-ін одан әрі дамытудың катализаторы болады”.

Зауыт құрылысы Қазақстан Республикасы Президентінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі алға қойған мақсаттарына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болады.

Жаңалықтармен бөлісу