Қостанайда №61 балабақша тәрбиешісіне үкім шықты. Ол орындықта отырған баланы тартып қалып, бұғанасын сындырған, деп хабарлады ҚазАқпарат.
№2 Қостанай қалалық сотында №61 балабақша тәрбиешісі Айсұлу Деріпсәліге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшін (ҚК 141-бабы 1-бөлігі) сот алдында жауап берді.
«2022 жылдың 28 маусымында Д. «Көбелек» тобының ойын залында тәрбие сабағын өткізу кезінде тәрбиешіге арқасымен орындықта отырған тәрбиеленуші М.-ге ескерту жасаған, бірақ ол тыңдамаған.
Тәрбиеші бала отырған орындықты жұлқып, оны өзіне тартқан. Салдарынан бала орындықтан құлап, жарақат алды. Оның сол жақ бағанасы жабық күйде сынған», – деді облыстық сотта.